ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Жаңалықтар

Сенбілік-тазалық кепілі.Ауыл тазалығына үлес қосу-туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Колледж маңайын тазалап, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.Соның ішінде көгалдандыру,көшеттер отырғызу жұмыстары өз нәтижесін табуда.Осыған орай сәуірдің жиырма алтысы күні колледж маңайына 200 түп қайың ағаштары отырғызылды. Ағымдағы жылдың сенбілік жұмыстары тиісті деңгейде өткізіліп,өз мәресіне жетуде.

17.04.2019 күні "Үржар колледжі" КММ-де "Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру бағдарламасында әскери- патриоттық тәрбие беру" - атты айлығының "Фуболдан" колледжішілік жарыс өтті. Жарыс барысында студенттер белсене қатысты. Нәтижесінде:

12.04.2019 күні "Үржар колледжі" КММ -де "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әскери-патриоттық тәрбие беру" атты айлығының "Мәңгілік ел ұландарымыз" атты спорттық сайыс өтті.

Ұлы даланың ерекше жеті қырын тілге тиек ете отырып, Президент Қазақстанның тарихына терең ой салуды үндейді және оны ел-жұрттың рухани игілігіне практикалық тұрғыда айналдыру мақсатында ірі, маңызды жобаларды ұсынып отыр.

Мамандық таңдау – өмірдегі маңызды шешімнің бірі.Облыстық білім басқармасының бастамасымен "Рухани жаңғыру"бағдарламасын іске асыру мақсатында «Менің мамандығым – ел көркеюінің кепілі» акциясының аясында Таскескендегі «Үржар колледжінде» мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар сілтеуді көздейтін стенд –моб шарасы ұйымдастырылды.Аталмыш шараға аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары шақырылды.


            Тәңірбергеновна,Қоңыршәулі ауылдық округының әкімі Жүнісов Азади,Техникалық және кәсіптік білім беру,қайта даярлау орталығының маманы Ракымжанова Динара Алтынбековна, 3 жоғары оқу орны және 10 колледж өкілдері қатысты. Заман талабына сай қазіргі уақытта кәсіптік- техникалық,жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың артып отырғаны тілге тиек болды.


Ауданның 11 мектебінен келген 600 оқушы мен колледж студенттеріне облыстың 3 жоғарғы оқу орны мен 10 колледжден келген мамандар өз оқу орындары жайында мағлұмат берді.Мәдениет үйінің холлында орналасқан оқу орындары жайында ақпарат беретін мобильді стендтер таныстырылды.Бұл жерде болашақ талапкерлер оқу орындарының қызметімен және сұранысқа ие мамандықтармен егжей-тегжейлі танысты.Айта кетерлігі, «Үржар колледжі» КММ-нің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының оқу-өндіріс шеберлері мен студенттері дайындаған көрме келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.Таскескен ауылындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға аудан өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.


            Жалпы, «Үржар колледжі» облыстық білім басқармасының бастамасымен «Менің мамандығым – ел көркеюінің кепілі» атты стенд – мобты биыл үшінші рет өткізіп отыр.Жоғары деңгейді өткен іс-шараның нәтижесінде биыл да колледжге келуші түлектердің саны артады деген үміттеміз.


Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында елімізде аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынып отыр.Яғни,кәсіптік – техникалық мамандықтарды жаппай насихаттау мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастады.Бүгінгі Үржар колледжінде өтіп отырған шара соның бір жарқын көрінісі,-дейді колледж директоры Чарахметов Қанағат Маратұлы.