ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету



«Үржар колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік мекеме Үржар ауданы, Таскескен ауылында орналасқан. Бұл оқу орны 1960 жылы 19 қыркүйек айында №127 Аякөз ауылшаруашылық-механикалық училищесі болып құрылған. 1965 жылы 1 қазан айында №127 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді. 1984 жылы 13 тамызда №20орта кәсіптік-техникалық училищесі деп атауы өзгерді. 1996 жылы 27мамырда білім саласындағы реформаларға байланысты №20кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгерді. 2003 жылы 22 мамырда №20 кәсіптік мектеп болып өзгеріп, 2009 жылы 12 қаңтар айынан бастап,  №18 кәсіптік лицей болып өзгерсе, 2012 жылдың 14 маусымынан бастап,  «Үржар колледжі» болып жұмыс жасауда.

 

«Үржар колледжі» негізгі білім және орта білім негізінде бастауыш кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Халықтың жұмыспен қамтамасыз етілмеген топтарынан мамандар даярлауды және қайта даярлауды,мемлекеттік сұраныс бойынша және жеке кәсіпорындармен,азаматтармен жеке келісім шарт негізінде, аудандық еңбекпен қамту орталығымен бірлесе отырып,бастауыш кәсіптік  білім беруді жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы - Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі, Мемлекеттік мекеменің басқарушысы – Облыстық білім басқармасы. Мекеме бастауыш кәсіптік білім беруді №12005308  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2012 жылғы 25 маусымда берілген мемлекеттік лицензия негізінде жүргізеді.