https://bilim-urdzhar.kz/kz/talapkerge-a-parat/abyldau-erezhesi.html#sigFreeId144656f4c5
https://bilim-urdzhar.kz/kz/talapkerge-a-parat/abyldau-erezhesi.html#sigFreeId4ab96059e9
Бекітемін:
Үржар колледжі» КММ
директоры____________
Чарахметов К.М.
« Үржар колледжі» КММне
2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдаудың
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
Осы 2022-2023 оқу жылына арналған "Үржар колледжі" мекемесіне оқуға қабылдау ережесі «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 4 маусымдағы №246 шығыс хатының бекітілген қосымшасына сәйкес, оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде " Үржар колледжі" мекемесіне (бұдан әрі колледжге) оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі – ереже) мамандықтар бойынша оқуға қабылдау тәртібін белгіледі.
ШҚО әкімдігінің 28.05.2015 жылғы №153/5қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
«Үржар колледжі»КММ ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №12005308 лицензиясына сәйкес техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет жүргізу құқығы берілген.
Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасыны Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанда № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдарында оқуға түсу үшін квотаның мөлшерін бекіту» туралы қаулысымен бекітілген төмендегідей квоталар қарастырылған.
- I, II топ мүгедектер, бала жасынан мүгедек, бала-мүгедектер қатарындағы азаматтарынан – 1 пайыз;
- Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына берілетін кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша теңестірілген, тұлғаларына – 0,5 пайыз;
- Жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған, балалар сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған ата-анасыз қалған немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастар қатарына–1 пайыз;
- Колледжге оқытуға қабылдау тәртібі
- Колледжде тұлғалардан өтініштерін қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және білім алушылардың құрамына қабылдау үшін 2022 жылғы 9 маусым №56-ЖК бұйрығы негізінде колледждің басшылығымен колледж бойынша қабылдау комиссиясы құрылды, ол өз жұмысын 2022 жылдың 25 маусымнан бастайды.
Қабылдау комиссиясының құрамына төраға,жауапты хатшы,қабылдау комиссиясының мүшелері кіреді.
2.Тұлғаларды колледжге оқуға қабылдау бойынша қабылдау комиссиясыныңжұмысын ұйымдастыру бойынша бсашылық облыстық білім басқармасы жүзеге асырады.
3.Есепке алу нәтижелері туралы ақпарат оқуға түсушілердің назарына күндізгі оқу нысанына 31 тамызға дейін жеткізіледі.
Тұлғалардан оқу орнымызға өтініштерін қабылдау электрондық үкіметтің www.egov kz. порталы , ішінара автоматтандырылған платформа арқылы және қағаз түрінде күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүргізіледі.
- 2022-2023 оқу жылына арналған колледжге студенттерді қабылдау жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметті алушылардан келесі құжаттар тізбесі талап етіледі:
1)қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын-босқын куәлігі;
4) пана іздеушітұлға-пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман-оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер оқыту нысандары бойынша тіркеу журналдарына тіркеледі
Код |
Мамандық |
Код |
Біліктілік |
Сынып |
Мемлекеттік тапсырыс саны |
07161600 |
Ауыл шаруашылығын механикаландыру |
3W07161603 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинисі |
9 |
25 |
10130300 |
Тамақтандыруды ұйымдастыру |
3W10130302 |
Тамақтандыруды ұйымдастыру |
9 |
25 |
08410100 |
Ветеринария |
3W08410103 |
Ветеринарлық санитар |
11 |
25 |
- 2022- 2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау кезінде, біріңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу, талапкерлердің құқығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 26 бабы және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 4 маусымдағы №246 шығыс хатының бекітілген қосымшасына сәйкес апелляциялық комиссия құрылады.
- Білім алушылар құрамына қабылдау
1.Білім алушылар қатарына қабылдау оқуға қабылдау өтініштері бойынша қабылданады. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:күндізгі оқу нысанына-2022 жылдың 25 тамыздан 31 тамызға дейін
- Колледжге қабылдау Қабылдау комиссиясының ашық отырысында оқыту нысандары,мамандықтар мен кәсіптер, мемлекеттік тапсыпысы бойынша жеке жүргізіледі.
- Колледж облыстық білім басқармасына белгіленген нысандар мен мерзімге сәйкес жедел статистикалық есептілікті және оқуға қабылдауды өткізгеннен кейін білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша есеп ұсынады.
4.2022-2023 оқу жылына арналған колледжге қабылдаудың үлгілік қағидаларымен ,қабылдау қағидаларымен регламенттелмеген мәселелерді «Үржар колледжі»КММ қабылдау комиссиясы түпкілікті шешеді.
Біз талапкерлерге ұсынамыз:
- Тегін оқыту
- Тегін тамақтану
- Тегін жатақхана
- Стипендия
Жауапты хатшы : Ж.А Баймухаметова
Атауы | Жүктеу |
Қабылдау ережесі |