«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында ағымдағы жылдың 13 -ақпан күні Үржар ауданы мансап орталығының ұйымдастырумен Үржар колледжі КММ-нің Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ мен Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Актанберді атындағы орта мектеп-бақшасы КММ-нің 9,10,11 сынып оқушылармен колледж студенттерінің қатысуымен «ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Колледж студенттеріне өндірістік тәжірбиеден өту, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдау: Жастар практикасы, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келсім шарты жобалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар Мансап орталығының қызметкерлері колледждің жұмысымен толығымен танысып қайтты.
Болашақта аудан көлемінде «ашық есік күні» іс-шаралары өз жалғасын табатын болады.
Жұмысшы мамандардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік жүйесін реформалау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланды.
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 2025 жылы 10-15 ақпан аралығында Астана қаласы «EXPO Халықаралық көрме» орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде.
Іс-шараның ерекше маңыздылығы мен ауқымдығын ескере отырып, фестивальдің тұжырымдамасына сәйкес 13-14 ақпан аралығында Абай облысы делегасиясы осы фестивальға қатысуда. Делегация құрамында «Үржар колледжі» КММ-де бар: колледж директоры С.Сабитов бастаған, директордың орынбасарлары А.Куракбаева, А.Баймухаметова, Ж.Баймухаметова, әдіскер Ж. Турысбекова мен оқу өндіріс шеберлері Е.Андирханов, К.Тергенбаева.
#Абай_облысы_ТжКББ
#Үржар_колледжі
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zh-mysshy-mamandy-tar-zhyly.html#sigFreeIdfe7d243ab2
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 2025 жылы 10-15 ақпан аралығында Астана қаласы «EXPO Халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваль өткізіледі.
#Абай_облысы_ТжКББ
#Үржар_колледжі
«Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Үржар колледжі» КММ де "Адал еңбек - Адал табыс" флешмобы өтті.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#жұмысшымамандығыжылы2025
#Үржарколледжі
«Үржар колледжі» КММ-де 2025 жылы 15 қантар күні оқу-өндіріс шеберлер мен арнайы пән оқытушыларының қатысуымен директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Баймухаметованың жанындағы кезекті нұсқаулық-әдістемелік қеңес өтті. Қеңес барысында ҚР Үкіметі бекіткен 2025 жылы жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарымен танысып, 2024-2025 оқу жылының ІІ жарты жылдық жоспарды талқыланды.
#Абай_облысы_ТиППО
#үржарколледжі
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zh-mysshy-mamandy-tar-zhyly.html#sigFreeId38c02d6e82
2025 жыл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауда, өз еңбегімен экономиканың негізін құрап, нақты құндылық жасайтын адамдардың маңыздылығын түсінуде бетбұрыс кезеңі болмақ.
Бұл туралы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын. 27 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында білікті маманымыздың бірі, арнайы пән оқытушысы Телгозин Арман Калиаскарович, студенттерге білім беруде өзін білікті маман, өз ісінің шебері ретінде көрсете білген жан.
#абай_облысы_типпо
#үржарколледжі
Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.
Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.
Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, кәсіби білікті кадрлар даярлау, сапалы жұмыс орындарын құру, жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау, және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады.
«Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Бүгінде елімізде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда жарты миллионнан астам студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынға ұлғайды, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өсті.