Студенттердің жұмыс берушілермен кездесуі-жұмысқа орналастырудың алғашқы қадамы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім және ғылым министрлігінің және ел басшылығының тапсырмасына сәйкес колледждерге ірі бизнестің қамқорлығын қамтамасыз ету жөніндегі мәселені пысықтауды сұрайды. Осыған орай 2022 жылдың 14 ақпанында «Үржар колледжі» КММ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мен «Хамитова» ЖК өкілі Шакеева Нұргүл Балкашевнаның кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттер үшін практиканы ұйымдастыруды, түлектерді кепілді жұмысқа орналастыруды жөнінде сөз қозғалды. Ол студенттерге өз кәсіпорнының қызметі туралы айтып берді. Өз қызметкерлері үшін жасайтын жағдайлар туралы, жалақы деңгейі туралы, болашақ өсу мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы толық айтты. Кездесу өте достық және еркін жағдайда өтті. Мұндай кездесу өте маңызды, өйткені олар студенттерді жұмыстың мазмұны тұрғысынан да, оның шарттары тұрғысынан да әлеуетті жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың болашақ мамандығының ерекшеліктері туралы тікелей білуге және оларға болашақ жұмысқа орналасу және өзін-өзі тану проблемаларын шешуге сенімділік береді. Түлектерді жұмысқа орналастыру көптеген білім беру ұйымдары үшін, соның ішінде біздің колледж үшін өте өзекті тақырып болып табылады. Жұмыс берушілермен ынтымақтастық бізге осы күрделі міндетті орындауға көмектеседі.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/xzcxzcxzc.html#sigFreeIdf739db69c6
https://bilim-urdzhar.kz/kz/xzcxzcxzc.html#sigFreeIdf739db69c6