Жаңалықтар
Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз. Жаңа Жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін...
"Үржар колледжі" КММ- де "Мейірім" еріктілер тобы егде адамдарға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсетуде.
Барлық топтарда топ кураторлары «Желтоқсанның мұзда жанған алауы», «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» т.б. тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.
«Үржар колледжі» КММ – дегі ҚР ДСМ ТКҚСК ШҚО департаментінің ЖҚТБ-ның алдың-алу және оған қарсы күрес Орталығының 14.10.2019 ж №03-11-582 хатына сәйкес өткізілген «Сақтан ұрпақ ЖИТС (СПИД) деген қатерден» атты айлық барысында «ЖИТС (СПИД)- ғасыр уы» тәрбие сағаты, «ЖҚТБ және жыныстық жолмен жұғатын аурулар» тақырыбында кездесу Таскескен ауылдық ауруханасының гинеколог-дәрігері Жақсылықова А.Б. қатысуымен өтті.
"Үржар колледжі" КММ - де "Қазіргі Қазақстан. "Елбасы Көшбасшылығының сабақтары" атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті.