ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз , онда сіздің бақытты болғаныңыз " деп К.Д. Ушинский айтқандай қоғамға қажетті маман даярлау "Үржар колледжі" КММ басты мақсаты болып табылады.

 

Осыған орай 11 мамыр күні колледжде бүкіл аудандық мектептер үшін ашық есік күні мерекесі аталып өтті.Бұл шараға жан жақтан 9  мектептен 125 ке жуық оқушылар ұстаздарымен келіп қатысты. Мерекенің ашылу салтанатында колледж директоры К.М.Чарахметов,аға оқытушы С.Н.Касенгазина сөз сөйледі. Келген оқушылар колледждің тыныс тіршілігімен кеңінен танысып , өз қызығушылықтарын білдірді.Колледж оқытушылары мен оқу-өндіріс шеберлері мамандықтар бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.