ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

30.04.2019 күні "Үржар колледжі" КММ -де "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әскер-патриоттық тәрбие беру" айлығы өз мәресіне жетіп, Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін еске алу мақсатында "Әскер - елдің айбыны" атты қорытынды сарбаздар ән фестивалі өтті. Фестивальға колледж студенттері белсене қатысып, саптық шеру, қоян-қолтық ұрыс көрінісін көрсетіп, әскери әндер айтылып, флеш-моб билерін биледі. Жеңімпаз топтар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.