ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ – сі  ағымдағы жылдың 5 сәуір күні Таскескен ауылынан 80 км шалғайда орналасқан «Юбилейный» ЖШС – мен танысуға барды.  «Юбилейный» ЖШС өңіріміздегі ірі шаруашылықтың бірі.  Шаруашылық негізінен егістікпен айналысып, бүтіндей Көлденең ауылын бидай өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.  «Юбилейный» ЖШС- директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі, облыс маслихатының депутаты Мамырбек Карашев колледж оқытушыларымен, студенттерін өзі бастап заманауи техникаларымен жекелеп таныстырды. Жұмысшы мамандығын оқып жатқан студенттерге ерекше әсер берген «Joһn Deere» ауылшаруашылық техникасы болды. Ауылшаруашылық техникасының бұл түрі қарапайым 4 трактордың қызметін бір өзі атқарады, жанар-жағар майға үнемді,  жұмыс жылдамдығын жоғары деңгейде атқарады.  Шаруашылық мезгілмен атқарылатын дала жұмыстарына сақадай сай. Сәуір айының 20-нан бастап қожалық егістік жұмыстарын бастайды. «Үржар колледжі» КММ студенттері егістік жұмыстары басталған кезде оқу-өндіріс шеберлерімен «Юбилейный» ЖШС – де өндірістік тәжірибеден өтетін болады.