ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2022 жылы 19 ақпан күні «Үржар колледжі» КММ-де директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Баймухаметованың басшылығымен, аға оқу-өндіріс шебері С.Сабитов пен №99 топ оқу-өндіріс шебері А.Телгозин оқу жұмыс жоспарына сәйкес теориялық білімнің аяқталуына байланысты, 08410100 «Ветеринария» мамандығы 3W08410103 «Ветеринарлық санитар» біліктілігі 10 айлық курс №99 топ студенттеріне 2022 жыл 21 ақпан - 25 маусым аралығындағы болатын кәсіптік тәжірибе алдында техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықты жүргізіп, келісім-шарт жасасқан өндірістік кәсіпорындарына жіберді.