ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

 Демонстрациялық емтихан - сапалы дайындықты растау үшін қажет тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық элементі.

Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында   2021 жылдың 22 маусымында «Үржар колледжі» КММ «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірушілерді қорытынды аттестаттауды демоэкзамен түрінде өткізді.

Түлектерді емтиханға дайындау кезінде конкурстық бағалау құжаттамасы әзірленді. Демоэкзамен студенттерге өндірістік жағдайға жақын жағдайда игерілген кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Жұмысты бағалау үшін әлеуметтік серіктес – сарапшылар тартылды. «Сұнқар» ШҚ басшысы Жумагулов Б.Х. бас сарапшы ретінде студенттердің барлық модульдерді сәтті орындағанын атап өтті. Балл саны шамамен бір деңгейде, бұл білім, білік және дағдылардың оң динамикасын, сондай-ақ кәсіби және жалпы кәсіптік құзыреттердің дамуын көрсетеді.

Сарапшылар колледж әкімшілігінің студенттерді демонстрациялық емтиханға дайындауды ұйымдастырудағы жұмысына оң баға берді. Демоэкзамен тапсырған барлық студенттер біліктілік туралы сертификат-құжат алды.