ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
4- күн «Оқытамыз ба – өндіріс сұрай ма?» 2026 жылы 17 қыркүйек күні «Үржар колледжі» КММ-де Сұнқар» ШҚ, «Ерасыл» ШҚ», «Ильяс» ШҚ, «Карибаева А.» ЖК және Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ-дағы МКК Үржар аудандық бөлімі жұмыс берушілерімен өткізілген «Оқытамыз ба – өндіріс сұрай ма?» іс-шара колледждің білім беру бағдарламаларын нақты өндіріс талаптарымен салыстыруға арналды. Талдау барысында жұмыс берушілердің талаптары мен оқу бағдарламасының мазмұны салыстырылып, білім алушылардың кәсіби даярлығындағы сәйкестіктер мен алшақтықтар (GAP) анықталды. Негізгі бағыттар: заманауи жабдықтармен жұмыс істеу; цифрлық технологияларды қолдану; өндірістік бағдарламалар мен технологияларды меңгеру; техникалық құжаттармен жұмыс; еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау; өндірістік міндеттерді шешу; командада жұмыс істеу дағдылары. Нәтижесінде «Кәсіби дағдылардың GAP-картасы» әзірленді. #Абай_облысы_Т_және_КББ #Үржар_колледжі #Өндірістегі_он_күн_акциясы