ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Оқу жоспарына сәйкес оқушылар бірінші курста тәжірибелік дағдыларды шеберханалар мен зертханаларда қалыптастырады. Теориялық сабақтармен қатар студенттер жаттығу полигонында техникалармен жүруді үйренеді. Өндіріс орындарына студенттер ІІІ курста шығады.

Кәсіптік іс-тәжірибе келісім шартында колледж міндеттемелері және өндіріс орындарының міндеттемелері белгіленеді. Даярланып жатқан мамандықтар бойынша кәсіптік практиканы өткізу мақсатында «Айдын-Шалқар» ШҚ , «Сұңқар» ШҚ ,  «Бақ-Тұр» ЖШС, «Карибаева А.С.» ЖК,  «Икласова С.» ЖК  және басқада әлеметтік серіктестермер келісімдер жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Студенттердің өндірістік іс-тәжірибеден өткізу жайлы күнделіктері қаралады, өндірістік мінездемесі толтырылады. Өндірістік іс-тәжірибе жүргізілу барысында өндіріс оқыту шебері өндіріс орынындағы бекітілген жетекшілермен бірлесіп қадағалайды. Жұмыстың осы бағытта ұйымдастырылуы іс-тәжірибенің  тиімді өткізілуіне септігін тигізеді.