ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Өндірістегі он күн» акциясының аясындағы

2-күн «Өндірістің бүгінгі талабы»

 

   2026 жылы 15 қыркүйек күні   «Үржар колледжі» КММ-де  Сұнқар» ШҚ жұмыс берушімен қазіргі сұранысын зерделеуге бағытталған «Өндірістің бүгінгі талабы» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында кәсіпорынға бару ұйымдастырылып, өндірістік үдерістермен, заманауи жабдықтармен және қолданылатын технологиялармен таныстық.

 Кәсіпорын басшысымен кездесу өткізіліп, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар, қажетті кәсіби дағдылар және болашақ мамандарға қойылатын талаптар талқыланды.

 Нәтижесінде: қажетті мамандар айқындалды; маңызды кәсіби дағдылар анықталды; жас мамандарда жетіспейтін құзыреттер белгіленді;
заманауи технологиялар мен жабдықтар зерделенді;
түлектің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталды және негізгі нәтижесі – «Жұмыс берушінің талаптары» картасы жасалды.

 

# Абай_облысы_Т_және_КББ
# «Үржар_колледжі»_КММ
# 
«Өндірістегі_он_күн»_акциясы