ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
1-күн «Кәсіпорын – колледж» серіктестігі күні 2026 жылы 14 қыркүйек күні «Үржар колледжі» КММ «Сұнқар» ШҚ, «Ерасыл» ШҚ», «Ильяс» ШҚ, «Карибаева А.» ЖК және Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ-дағы МКК Үржар аудандық бөлімі кәсіпорындармен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Кәсіпорын – колледж» серіктестігі күні өтті. Іс-шараның басты мақсаты – колледж бен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, білім алушылардың сапалы кәсіби даярлығына қажетті жағдайларды бірлесіп қалыптастыру. Кездесу барысында: Үржар ауданының кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау; дуальды оқытуды дамыту; білім алушыларды өндірістік практикаға орналастыру; кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары мен кадр қажеттілігін анықтау; студенттерге кәсіпорын тарапынан тәлімгерлер бекіту; колледж бен кәсіпорындардың бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды. Кәсіпорын өкілдері өздерінің қазіргі кадрлық қажеттіліктерімен бөлісіп, болашақ мамандарды даярлауда өндіріс пен білім беру ұйымының өзара тығыз байланысының маңыздылығын атап өтті. Іс-шара нәтижесінде «Колледж – кәсіпорын серіктестері» базасын қалыптастыруға негіз қаланды. #Абай_облысы_Т_және_КББ #Үржар_колледжі #Өндірістегі_он_күн_акциясы