ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де 2025 жылы 15 қаңтар күні оқу-өндіріс шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының қатысуымен директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Баймухаметованың жанындағы кезекті нұсқаулық-әдістемелік кеңес өтті. Кеңес барысында ҚР Үкіметі бекіткен 2025 жылы жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарымен танысып, 2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығының жоспары талқыланды.