ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Колледждің оқу жоспарына сәйкес 2024 жылы 23 желтоқсан – 2025 жылы 03 қантар аралығында 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік сабақтар өтуде, ол білім алушылардың дағдыларын қалыптастыруға, кейіннен «Аспазшы» біліктілігі бойынша жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді игеру үшін бастапқы практикалық тәжірибе алуға бағытталған. Өндірістік сабақтар колледж қабырғасында мамандығы бойынша оқу зертханада өтеді.