ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де 2024 жылғы 23 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында ІІ курс №5 топ және ІІІ курс №2 топ 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығында 2024-2025 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес теориялық оқу аяқталып, өндірістік оқулар басталды. Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Баймұхамбетованың басшылығымен оқу өндіріс шеберлері К. Тергенбаева мен Г. Ахмедиева студенттерге еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізді.