ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Колледждің оқу жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 25 қараша - 20 желтоқсан аралығында 08410100 «Ветеринария» мамандығы бойынша өндірістік сабақтар өтуде. Бұл сабақтар білім алушылардың дағдыларын қалыптастыруға, кейіннен «Ветеринариялық санитар» біліктілігі бойынша жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді игеру үшін бастапқы практикалық тәжірибе алуға бағытталған. Өндірістік сабақтар колледж қабырғасында мамандығы бойынша оқу зертханасында өтеді.