ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Кез келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
18.05.2023 күні жатақхана тәрбиешісі Ақымжанова Қарлығаш Таупекқызы I курс студенттеріне "Дені саудың - жаны сау" атты тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Балалардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.