ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
16.03.2023 күні колледжіміздің жатақханасында Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында, жатақхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, " Қош келдің, әз Наурыз! " атты, шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі - Наурыз аталып өтті.
Мейрам барысында колледж оқытушылары студенттер дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, студенттермен бірге қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, мерекелік дастарханның басында көңіл көтерді.