ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі және қазақ әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы  Турысбекова Жанар Кажимовна колледж студенттеріне «Өңірдің  экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте өңір үшін маңызды су ресурстарын тиімді пайдалану, топырақ пен жайылымды сақтау, тұрмыстық қалдықтарды басқару, ауа сапасы және табиғи қауіптердің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Студенттер ауыз сумен қамту мен егіншілікке қажет су көлемі екі бөлек мәселе екенін талқылады. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинаудың, жайылымды ұқыпты пайдаланудың және экологиялық жағдайды нақты өлшеулерге сүйеніп бағалаудың маңызын түсінді. Дәріс барысында әр тұрғын өз ауласы мен ауыл тазалығына жауапкершілікпен қарау арқылы табиғатты қорғауға үлес қоса алатыны айтылды.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен және «Таза Қазақстан» бастамасымен үндеседі. Туған жерге жанашырлық таныту, табиғи байлықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір саналы азаматтың күнделікті ісінен басталады.
Таза орта – өз қолымызда!