ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Үржар колледжінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "Күз Ханшайымы мен Күз Ханзадасы" сайысы өтті. Күздің көркін, жастықтың жігерін тоғыстырған сайыс студенттердің шығармашылығын танытуға мүмкіндік берді. Қатысушылар өз өнері мен тапқырлығын ортаға салып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сайыс жастардың бойындағы еңбексүйгіштік, жауапкершілік және өзара сыйластық қасиеттерін дәріптеп, колледж өміріне ерекше сән қосты.