ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Заң мен тәртіп» оқу курсының тақырыптық жоспарына сәйкес Үржар колледжінде бірінші курс студенттеріне құқықтық сабақ өткізілді. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жқніндегі орынбасары ,тарих пәнінің оқытушысы Ж. Баймухаметова мен полиция майоры А. Тұрсын «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы: белгілері мен түрлері» және «Кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершілік қағидаттары» тақырыптарын түсіндірді.Сабақ барысында құқық бұзушылықтың салдары, өзгенің құқығы мен мүлкіне құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және әр әрекетке жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді. Студенттер әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың айырмашылығы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптарының ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алды.
Құқықтық сабақ жастарға заңды білу күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмектесетінін ұғындырды. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, құқықты құрметтеу мен жеке жауапкершілік саналы азаматтың маңызды қасиеттері екеніне назар аударды.