«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес, Республика күніне орай Тәуелсіздік пен Отаншылдық құндылықтарын дәріптеу мақсатында оқу-өндіріс шебері А. Сакенаев «Ел болашағы – білімді маман» тақырыбында кәсіби бағыттағы пікір алысу сабағын өткізді.
Сабақ барысында студенттер тәуелсіз елдің дамуына білікті мамандардың қосатын үлесі туралы ой бөлісті. А. Сакенаев таңдаған мамандықты терең меңгерудің, адал еңбек етудің және өз ісіне жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті. Пікір алысу жастарды кәсіби білімін ел игілігіне жұмсауға, Отанға деген сүйіспеншілігін еңбегімен көрсетуге үндеді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/t-rbie-zh-mystary-is-sharalary/1478-adal-azamat-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasyny-zhyldy-zhosparyna-s-jkes.html#sigFreeIdf5b6eaf0ba













