ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Республика күніне орай «Үржар колледжі»КММнің барлық топтарында «Қазақстан-егеменді мемлекет» бірыңғай топ сағаттары өтті. Студенттер Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи рөлімен танысып, оның ел тәуелсіздігіне жол ашқан маңызы туралы ой бөлісті. Топ сағаттары Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігінің тарихи құндылығын сезінетін  өз Отанының  жауапты азаматы мен патриотын тәрбиелуді басты мақсат тұтты.Топ сағаттарында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, елдің тарихи мұрасын қастерлеу және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту мәселелеріне ерекше мән берілді. Топ сағаттары «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасының Тәуелсіздік және Отаншылдық құндылықтарымен байланыстырылды.