ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

 Республика күніне орай Үржар колледжінде «Әнұранды бірге шырқайық» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Колледж ұжымы мен студенттер Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, елге деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдірді.Әнұранның асқақ әуені баршаны бір арнаға тоғыстырып, егеменді еліміздің өткені мен болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіндірді. Осындай тағылымды сәттер жастардың бойында отаншылдық рухты нығайтып, «Адал азамат» құндылықтарын дәріптейді.