ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММде топ кураторларының отырысы өтті. Отырыс барысында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Баймухаметова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, біртұтас тәрбиелік орта қалыптастыру ,топ кураторларының кәсіби біліктілігін арттыру, құндылыққа негізделген білім мен тәрбиені ұштастыру мәселелеріне тоқталды.Сонымен қатар жаңартылған Қауіпсіздік сағаттарын өткізу тәртібі мен әдістемелік ұсынымдарды таныстырды. «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы баяндап осы жобаға белсенді қатысуға және студенттерді жобаға қатыстыруға шақырды.