ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Үржар колледжі» КММде барлық курстың білім алушылары үшін 2026-2027 оқу жылының басталуына байланысты « Адал азамат-білімді ұрпақ,жарқын болашақ» тақырыбында салтанатты жиын өтті.Іс-шара барысында колледж директоры Сабитов Сабырбек Тунгышбаевич студенттер мен ата-аналарды, ұстаздарды Білім күнімен құттықтап ,сәттілік тіледі. Салтанатты жиыннан кейін студенттер топ кураторларымен бірге «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат,зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы бірыңғай тәрбие сағаттарына қатысты.