ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжінде «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында ауқымды тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Колледж ұжымы мен студенттері бірлесе отырып, қоршаған ортаны көркейтуге, табиғатты аялауға өз үлестерін қосуда. Айналаны қоқыстан тазарту, аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары үлкен жауапкершілікпен атқарылуда.
Бұл игі бастама жастардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайта түседі. Тазалық – әрбір азаматтың парызы екенін ұғынған студенттер белсенділік танытып, қоғамға үлгі боларлықтай іс атқаруда.