ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шара барысында бағдарламадағы жаңартулардың мақсаты мен мазмұны, оларды оқу-тәрбие процесінде іске асыру жолдары кеңінен талқыланды. Жас ұрпақтың бойында «Адал азамат»құндылықтарын қалыптастырудағы бағдарламаның маңызы түсіндірілді.