ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен бекітілген « Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау , суицидтің алдын –алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету» жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Үржар колледжі" КММ-нің кәмелетке толмаған қыздар арасында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты — бойжеткендердің ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, әдеп пен инабаттылықты сақтауға, өзін-өзі дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыруға,зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталды. Дәріс барысында қатысушыларға қыз баласының қоғамдағы рөлі, отбасындағы тәрбиенің маңызы және жауапкершілік мәселелері туралы мазмұнды ақпарат берілді.


#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржарколледжі
#алдыналушаралары_Абай_облысы