Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдылықтарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. Осыған орай «Үржар колледжі» КММ-де І курс №9 топ жетекшісі Дакина С. М., ІІ курс №4 топ жетекшісі Ақшайх А. Ғ. және ІІІ курс №1 топ кураторы Бейбіт Н. Б өз топтарына «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында презентация, бейнеролик көрсетіліп, сұрақ - жауап әдісі, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.