Нағыз еңбек адамы. Қандай салада еңбек жасаса да өз ісіне деген сүйіспеншілік нәтижесін береді. Нағыз еңбек адамында ұлт болмайды. Кез-келген ұлттың адал нанын еңбектен тауып отырған азаматы-жастарға үлгі.
Міне, осындай бір еңбек адамымен "Үржар колледжі" КММ-де кездесу ұйымдастырылды. Жұмыс бабымен Қазақстанда еңбек етіп жатқан Түркия азаматы Митат Аксойдың мамандығы тракторшы-бульдозерист. 18 жасынан бастап еңбек еткен Аксойдың бармаған жері, баспаған тауы жоқ екен. Ол мінбеген техника да жоқтың қасы. Ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандарды дайындайтын колледжде осы бір түрік азаматымен жылы жүздесу өтті. Студенттер М.Аксойға сұрақтар қойып, тракторшы мамандығының қыр-сырымен танысты. Көптеген сұрақтарға жауаптар алды. Бұл бір колледж әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған шеберлік сыныбы, әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/bejne-saba-tar-2/122-rzhar-kolledzhi-kmm-de-kezdesu-jymdastyryldy-2.html#sigFreeId7bb8e00297