ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Еліміздің болашақ азаматын тәрбиелеп, олардың қоғамдағы орнын қалыптастыру – әрбір оқытушының басты мүддесі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – кез келген мәдениетті қоғам үшін бірінші кезектегі міндет.
2021 жылдың 28-29 қазан күндері аралығында «Үржар колледжі» КММ-нің арнайы пән оқытушысы А.К. Телгозин Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өткізілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен «Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы-2021» қатысып арнайы «Алғыс хат»-пен марапатталды. А.К Телгозинді жетістіктерімен құттықтап, әріптесіміздің еңбегіне толағай табыс, отбасына ортаймас бақ – ырыс тілейміз. Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!