ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
2021 жыл «Үржар колледжі» КММ-сі үшін жаңа идеяларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретін табысты жылға айналып отыр. Қазан айының 19-шы жұлдызына жоспарланған «Ашық есік» күні мерекесі жоғарғы дәрежеде өтті. Үржар ауданының әкімі Н.Т. Тоқсеитов пен «Үржар колледжі» КММ директоры К.М. Чарахметов бастамасымен 27 ауылдық округ әкімдері мен жұмыс беруші шаруа қожалықтары аталмыш мерекеде бас қосып, «Дуалды оқыту» жүйесі бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мерке барысында аудан әкімі Н.Т. Тоқсеитов колледж ұжымын «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтап, арнайы «Алғыс хат» табыстады. Іс-шара барысында шаруа қожалық басшылары үш жақты келісім жасасып, ары қарайғы нәтижелі жұмыстар үшін келісім шартқа қол қойып, мөр басты.