Қазан айындағы айтулы мерекелер "Үржар колледжі" КММ -сі үшін биыл да басты назарда. Ұстаздар күнімен мен тұспа-тұс келген "1 -қазан Қарттар күнін" -де атаусыз қалдырмады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Колледж қабырғасында қаншама жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан апа, аға, апайларымызды айтулы мерекелерімен құттықтап, жылы лебізімізді білдірдік. Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз. Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/462-azan-ajynda-y-ajtuly-merekeler-rzhar-kolledzhi-kmm-si-shin-biyl-da-basty-nazarda.html#sigFreeId52d221093f