18.02.2021ж. күні бұрыңғы аудан орталығы, қазіргі тірек ауылдарының қатарындағы Таскескен ауылына Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының хатшысы Денис Сергеевич Рыпаков жұмыс сапармен келді.
Ауылымыздың тыныс-тіршілігімен танысып, нысандарды аралап, ауданымыздың ірі білім ордасы "Үржар колледжі" КММ-не арнайы ат басын бұрды. Материалдық - техникалық базамен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Ауылдық жерде орналасқан колледжге жан-жақтан келетін студенттердің сапалы білім алып қана қоймай, жайлы жатын орындарын қамтамасыз ету мақсатында ғимарат іргесінен жаңа жатақхана салу керектігін басты жоспарға алды. Қазіргі жағдайда студенттер тұрып жатқан жатақхананың сыртқы жағдайы көңіл көншітер жағдайда еместігін көріп, тез арада жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/311-rzhar-kolledzhi.html#sigFreeIdc58354910f
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/311-rzhar-kolledzhi.html#sigFreeIdc58354910f