ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2020 жылдың 25-26 мамыр аралығында Білім сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі ARQA тәуелсіз агенттігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін  институционалдық аккредитациядан өткізді. Институционалдық аккредиттеу институционалдық аккредиттеу үшін ARQA стандарттарына сәйкес жүргізілді.

 

Институционалдық аккредиттеу СТ мүшелері

 

Сарапшының

аты-жөні

Жұмыс орны және лауазымы

1

Базарова Лаззат Есимовна

 «Караганды  агротехникалық колледжі» КММ,

 директордың ОІЖЖ орынбасары

2

Айкимбаева Дина Даулетовна

КГКП «Ж.Муса атындағы Аксу колледжі»,

директордың ОӨЖЖ орынбасары,

арнайы пән оқытушысы,

техникалық білім магистрі

3

Долотов Майрамбек Мамагжанович

Бишкек техникалық  колледжі,

директордың ОІЖЖ орынбасары

4

Жумагулов Бекжан Хасенович

 «Сұнқар» ШҚ басшысы

5

Наурызбаев Ерлан Аманжолович

«Аяғөз политехникалық колледжі» КМКК

 ІІІ курс  студенті,

мамандығы 1114000 «Дәнекерлеу ісі»

біліктілігі 1114042 «Электргазбендәнекерлеуші»

 

Сапар барысында бағдарламаға сәйкес келесі іс-шаралар орындалды: Колледж директорымен кездесу; колледж директорының: оқу ісі, оқу-өндірістік жұмыстар, тәрбие жұмыстары, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен сұхбат, ақпараттық технологиялар бойынша; бас бухгалтермен сұхбат. ПЦК кездесу өткізілді. Колледждің жұмыс берушілерімен, студенттермен, инженерлік-педагогикалық қызметкерлермен сұхбат жүргізілді.

 

Сараптамалық топқа колледждің материалдық-техникалық базасы, спорт залы, жатақхана, кітапхана, сондай-ақ колледждің құрылымдық бөлімшелері көрсетілді.

 

2020 жылғы 25-26 мамырда институционалдық аккредиттеу шеңберінде сараптамалық топтың сыртқы бағалау бағдарламасы 2 күнге бөлінді және барлық қатысушылар үшін ашық болды:

 

Келісілген және бекітілген сапар бағдарламасы барлық қатысушылар үшін барынша ашық болды.Оған мынандай жұмыстарды қамтыды:

 

- ұйымдастыру сұрақтарын талқылаған  ТСТ жұмыстық жиналысы;

 

- білім беру бағдарламаларының сапасы және колледждің барлық инфрақұрылымы туралы объективті ақпарат алу, өзін-өзі бағалау туралы есептердің мазмұнын нақтылау үшін мақсатты топтармен сұхбат, колледж директоры, директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, студенттермен, оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен, жұмыс берушілермен, колледж түлектерімен сұхбат, онда сарапшылар оқу орны, оқу процесін ұйымдастыруды стратегиялық жоспарлау және оқу қызметі туралы толық ақпарат алды. Сұхбатқа 1 директор, 3 директор орынбасары, 10 жұмыс беруші, 11 түлек, 27 студент, ОЖБ-21, барлығы 69 адам қатысты.

 

ТСТ жұмысы аясында:

 

- колледж басшылығымен кездесу сарапшылар тобына ресми түрде директормен танысуға мүмкіндік берді, ол қысқаша сипаттама берді және соңғы жылдардағы колледж жетістіктері мен колледж дамуының стратегиялық жоспары туралы айтты;

 

- педагогикалық қызметкерлерге (21 адам), әр түрлі курстардан студенттерге (34 адам) сауалнама жүргізілді;

 

- стандарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында МТБ қарап тексерілді, сондай-ақ білім алушылар, қызметкерлер үшін қанағаттану жағдайларын жасауды анықтау бойынша жұмыс орындары қаралды;

 

- жұмыс орындарында білім алушылармен және қызметкерлермен әңгіме жүргізілді;

 

- колледждің құрылымдық бөлімшелерінің оқу-жоспарлау құжаттамаларымен танысты;

 

- практикаларды ұйымдастырумен және өткізумен танысу мақсатында (ҚА аясында), колледждің 3 базалық кәсіпорнына ( КГП «Урджар-Вет», КХ «Айдын-Шалқар» и ИП «Икласова С.») бару.

 

Кездесу және әңгімелесу барысында кәсіпорын қызметкерлері колледж студенттерінің дайындық сапасына қанағаттанушылық білдірді, олар қажетті теориялық білімді, практикалық дағдыларды және жұмыстарды орындау үшін іскерлікті меңгерген, сонымен қатар жұмыс берушілер ББ мазмұнының түсініктерін білдірді.

 

-44 ИПҚ видео сабақтары, челлендж көрсетілді және «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша: «Карвинг» и «Тоқаш түрлері», «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша: «Дәнекерлеу түрлері» шеберлік-сабақтарын тамашалады. Қатысқан сабақтардың көпшілігі жақсы әдістемелік деңгейде өткізілді, қатысу парақтары толтырылды, сабақтарға талдау жүргізілді, сабақ бойынша ұсынымдар айтылды

 

- 13 сыныптан тыс ашық іс – шара көрсетілді (ҚО).

 

Аралау барысында кәсіпорындарының қызметкерлерімен әңгімелескенде колледжінің студенттерінің білім сапасына қанағаттанушылық білдірді. Студенттер қажетті теориялық білімдері жеткілікті, практикалық дағдылары бар, жұмыс істей алатынын айтты.

 

Сыртқы сапар бойынша жоспарланған іс-шаралар сарапшыларға істің нақты жай-күйіне өзін-өзі бағалау жөніндегі есептің сәйкестігіне тәуелсіз бағалау жүргізуге мүмкіндік берді.

 

Оқу орны сараптау тобының жұмысы үшін барлық жағдайды жасады:

 

- сарапшылардың жұмысы үшін компьютерлер және ұйымдастыру техникасы бар жеке кабинет берілді;

 

- танысу үшін жергілікті және оқу құжаттары ұсынылды, ұсынылған құжаттарды түсіндіруде және дәлелдеуде көмек көрсетілді;

 

- сұхбат, сауалнама жүргізу үшін қатысушылар түрлі мақсатты топтар мен оны өткізу үшін аудиториялар берілді.

                    

Қорыта келгенде,институционалды аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымының қызметін сыртқы бағалау бойынша сараптау тобы, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Үржар колледжі» КММ білім беру ұйымының қызметі ARQA стандарттарына сай келеді деп есептеп Аккредитациялық  кеңеске «Үржар колледжі» КММ толық аккредиттеу туралы шешім қабылдауды ұсынды.

                    

ARQA аккредиттеу кеңесінің 2020 жылы 11 маусым отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Үржар колледжі» КММ институционалды аккредиттеуі бойынша 5 жыл мерзімге толық аккредитация мәртебесі берілгені жөнінде шешім қабылдады.