"Үржар колледжі" КММ-де ақпанның 24 мен 29-ы аралығында "Ветеринария" мамандығы бойынша "Ветеринария- Қазақстан ауыл шаруашылығының өсіп-өркендеуі жолындағы қажетті мамандық" тақырыбында пән апталығы өтті.
Апталық аясында "Ірі қара малдарды клиникалық зерттеу әдістері" (оқу-өндіріс шебері Телгозин А.Қ.) атты өндірістік-тәжірибелік сабақ, Қоңыршәулі ауылдық округінің мал дәрігерлерімен кездесу, ірі қара малымен ұсақ мүйізді мал аурулары туралы видеокөрсетілімдер өткізілді. Апталық "Медицина адамды зерттесе, ветеринария адамзатты зерттейді" атты қорытынды кешпен аяқталды.
Арнайы пән оқытушысы әрі оқу-өндіріс шебері А.Қ. Телгозиннің ұйымдастыруымен өткен апталық студенттердің оқытылатын пәндер бойынша білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, ойлау және тәжірибелік қызметті дамытуға, мамандықтарына сүйіспеншіліктерін арттыруға мүмкіндік берді деген ойдамыз.