ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында.

Биыл ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл. 10 жылға созылған қанды қырғынға Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылынан 10-нан астам азамат қатысты, әскери борыштарын Ауған жерінде өтеді. Осыған орай "Үржар колледжі" КММ - сі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Саканов Айдар Қазбекұлының ұйымдастыруымен "Ауғанның отты жылдары" тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында колледж студенттері арасында "АК-74" автоматын уақытқа шашып және жинау сайысы ұлдар мен қыздар арасында ұйымдастырылды. Кеш қонақтарына әсем ән мен құттықтау өлең жолдары арналды. Ұлдар мен қыздар кеш қонақтарының бағалауымен жүлделі орындарға ие болды.

Бұл азаматтар - ауған топырағындағы қанды қырғынның куәгерлері, бүгінгі күннің батырлары, үлгі тұтар тұлғалар.