ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ - сі, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын Үржар ауданы Барқытбел ауылының "Барқытбел" орта мектебінен, былтырғы жылға қарағанда тың бастамамен бастады. Барқытбел ОМ ұжымы мектеп мүдірі Серикбаева Дэляфнур Османовна, оқу-ісінің меңгерушісі Ковнашарова Кульжан Калибаевна, мектеп психологі Байболова Балжан Есимхановналардың ұйымдастыруымен керемет кездесудің куәсі болдық.

 

Мектеп оқушылары ауыл шаруашылығында қызмет етіп ауданға аты шығып отырған азаматтармен кездесіп арнайы репортаждар түсірген екен. Оқушылар 4 топқа бөлініп, 4 шаруашылық бойынша команда құрып, сайыс ұйымдастырды. Әр команда өз мамандықтарын жетік меңгергені сонша арнайы слайдтар жасап, қысқа метражды видеороликтер түсірген.

 

Барқытбел ауылдық округі сырт көзге кішірек ауыл көрінгенімен, ауыл халқының ұйымшылдығы көрініп-ақ тұрды. Кездесуге шақырылған қонақтар ауылдық жерде өз кәсіптерін дөңгелетіп жүрген қарапайым ауыл азаматтары мен азаматшалары екен. Барқытбел ауылында 10 техникасымен қарды да күреп, ауылды отын-сумен, мал азығымен қамтамасыз етіп отырған азамат механизатор Солтанов Қайролла Өзбекұлы "Үржар колледжі" КММ - нің түлегі екендігін және сол мамандықтың арқасында бүкіл ауданға аты әйгілі азмат болып отырғандығын мақтанышпен айтты.

 

Тай атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер -дегендей кездесуге келген жылқы малын өсірумен айналысып отырған, ауыл тұрғыны Мақұлбай Құрбанжан мал шаруашылығының қыр-сырымен таныстырды. Жем-шөп жинау науқаны кезінде техника жүргізгенге қазіргі жастардың ауадай қажет екендігін, сол жастардың алысқа ұзамай ауылдық жерде қызмет ету керектігін баса айтып өтті.

 

Бізді таң қалдырғаны, небәрі 40 жастан асып, үй шаруасында отырған Жомартова Диларам ханымның сөзі көпшілікке ой салғандай болды. "Мен қалада тұрдым, күнделікті тапқан қаражатым тамағыммен жатын орыныма төлеуге ғана жететін, демалыс дегенді білмей жұмыс істесем-де, теңгемнің басын құрай алмадым. Ауылға келгеніме біраз жыл болды, табысым өзіме артығымен жетеді. Сиыр сүтінен айран, ірімшік, май, кілегей, қатық жасап базарға сатсам айлық ақшам 100000 асады, осы жұмысыма қосымша бау-бақша егіп, артылған өнімдерімді сатып ешкімге қол жаймайтын дәрежеде отырған адаммын"-деді.

 

"Үржар колледжі" КММ оқу-өндіріс шебері Ахмедиева Г.С, 1-курс студенті Бауыржан Ділнұр шеберлік сыныбын өткізді. Оқушылардың қызығушыларының артқандығы сонша колледж шеберіне қосылып түрлі формадағы тәтті тоқаштарды жасап үйренді.

 

Бүгінгі жастар, ертеңгі күннің үлкендері ал жастарды бүгінгі қоғамға тәрбиелеу ол біздің қолымызда.