ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
(ағыл:Programme for International Student Assessment қысқаша PISA). экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
 
PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.
Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің 15 жастағы студенттерін PISA - 2020 фронтальды сынама тестілеу қорытындысы бойынша "Үржар колледжі" КММ студенттері жоғарғы деңгейде білім көрсеткішін көрсетіп, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.