ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

 

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді.

 

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

 

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі.

 

Міне, осы мақсатта "Үржар колледжі" КММ- де «Жол ережесін білу-бәріне міндет» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Аға оқу-өндіріс шебері Сабитов С.Т. студенттерге тәрбие сағаттары мен дебаттар өткізіп, осы пән бойынша арнайы жарыс ұйымдастырды. Жеңімпаз студенттер мақтау қағаздарымен, арнайы сыйлықпен марапатталды.