ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ - де "Қазіргі Қазақстан. "Елбасы Көшбасшылығының сабақтары" атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың негізгі міндеті: студенттердің бойында Қазақстанның қалыптасуының барлық кезеңдерінде оның мемлекеттілігін нығайту ісінде Тұңғыш Президент- Елбасының тарихи рөліне саналы қарым-қатынас қалыптастыру және Қазақстан көшбасшысының мемлекеттік құрылыстың дамуына қосқан үлесіне қоғамдық игілік ретіндегі көзқарас қалыптастыру. Сабақ барысында Тұңғыш Президент-Елбасы Н.А.Назарбаевтың "Елбасы жолы" видео ролигі және слайдтар көрсетілді.

Сабаққа колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер және "Нұр-Отан" бастауыш партия ұйымының жетекшісі Баймухаметова А.Д., "Жастар" ұйымының төрағасы Бейбіт Н.Б қатысты.

.