«Үржар колледжі» КММ-де Жастар жылына орай «Мәңгілік елдің - жастары» тақырыбында көптеген іс-шаралар өтті.
Жастық шақ – бұл тәтті оймен таңды атырған жалындаған кез, нағыз мақсатыңды айқындап, армандарға қол созатын қайрат-жігер тасыған шақ. «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген халық даналығы бар. Адам өмірінің елеулі бұл кезеңін бүгінгі буын өкілдері қалай өткізіп жүр? Бос уақытын тиімді өткізетін адам мақсат-мұратына өзін жетілдіру арқылы жетеді. Жастардың басым бөлігі – студент. Өмірдің ең қызықты әрі тәтті шағы – қызығы мен шыжығы мол студенттік кезде аштықтың да, махаббаттың да, ұйқысыздықтың да дәмін татасың. Өмірдің осы бір өткелінде уақытын тиімді пайдалану өте маңызды. Осыған орай «Үржар колледжі» КММ-де 20.11.2019 жылы сабақтан тыс уақытта колледж педагог-психологы С.М.Дакина мен психология пәні оқытушысы М.О.Аилбекова «Жастар жылына» орай колледж студенттеріне «Қызықты жастық шақ» атты тренинг, ойын- жаттығулары, аутотренинг өткізді. Тренинг барысында студенттер белсенділік танытып, ат салысып отырды. Сонымен қатар, тренинг оқытушылар да қатысты. Аталған тренинг қызықты өтті, студенттер де, оқытушылар да ерекше әсер алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/138-m-gilik-eldi-zhastary-2.html#sigFreeId8c661489d8