Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Сондықтан да биылғы оқу жылында "Үржар колледжі" КММ математика, физика және информатика пәндерінен өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттады.
"Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде" деп аталған апталық өте тартымды өтті. Пән мұғалімдері: Касенгазина С.Н., Темиршинов А.З., Шенер М.И., Кенебаева Л.С., бірігіп ашық сабақтар, қашықтықтан өткізілетін олимпиада ойындарын, әр-түрлі көрмелер мен сұрақ-жауаптар, ойындар ұйымдастырды.
Қорытынды кеш ерекше түрде өтті. Колледж студенттерінен жасақталған 6 команда МИФ пәндерінен өз білімдерін сынады. Командалар фирма, компания және фабрика ретінде жарысқа қатысты. Рахат КФ, Баян-сұлу КФ, Аdidas, Air-Astanа. IPhone. Mercedes-Benz. фирма президенттері, брокерлер, менеджерлер, заңгерлер, хатшылар және оққағарлар ретінде құрылып, жеке-жеке өз білімдерін сынады. Тәжірибелік жұмыстар көрсетуде, логикалық ойлауға, есеп шығаруда тапқырлық танытқан командалар суырылып алға шықты. "Болашаққа саяхат" атты тақырыппен студенттердің жасаған жобалары келешекте орындалады деген сенімдеміз.
Кеш қорытындысында
"Бас жүлде" 1-курс студенттері "Mercedes-Benz" фирмасына, 1-орын 1 курс студенттері "Баян-сұлу" КФ, 2-орын 2 курс студенттері "Air-Astanа" компаниясына, 3-орын 2 курс студенттері "IPhone" фирмасына тиесілі болды.
Апта бойы жүргізілген әр-түрлі жұмыстардың нәтижесі студенттер грамотамен, сыйлықтармен марапатталды.
Қорыта келгенде, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/135-b-kil-lem-s-jlejdi-na-ty-ylym-tilinde-dep-atal-an-aptaly-te-tartymdy-tti.html#sigFreeId4c71804c2b
.https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/135-b-kil-lem-s-jlejdi-na-ty-ylym-tilinde-dep-atal-an-aptaly-te-tartymdy-tti.html#sigFreeId4c71804c2b