Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
Күз сән-салтанатымен келетін жыл мезгілдерінің бірі. Өзінің әсемдігімен, молшылығымен адам жанын жауратпайтын мезгіл. Осы мезгілде ғана аталып өтетін "Алтын күз" мерекесі "Үржар колледжі" КММ-не де келіп жетті.
Түрлі- түсті стенгазеттер, әр-түрлі бақша жемістерінен жасалған панолармен қағаздан, целофаннан тігілген киімдерден жасалған көрме көздің жауын алып тұр. Бұл кеш ән, би, көңілді әзіл қойылымдарымен өрілген керемет кеш болды.
Студенттер арасынан қатыстырылған 6 команда ішінен "Гран-при", "І-орын", "ІІ-орын", "ІІІ-орын" иегерлерін таңдау әділ-қазылар алқасына оңай соққан жоқ. Жүйріктің жүйрігі таңдалып "Гран-приді" 83топ 2-курс, "І-орынды"- 80 топ 2курс, "ІІ-орынды"-91 топ 1-курс, "ІІІ-орынды"-72топ 3-курс иеленді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/130-arajly-altyn-k-z.html#sigFreeId87d3a4f893