Әрбір мемлекеттің ұлы құндылықтары болады. Мемлекеттік рәміздерді осы санатқа жатқызуға болады. Жуырда "Nur Otan" партиясының бастамасымен "Менің Туым, менің Отаным!" акциясы басталды.
Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік туды насихаттау, дәріптеу акциясы жалғасып жатыр. Бүгін "Үржар колледжі" КММ-де, бұл бастаманы қолдап, туды орнату іс-шарасына қатысып, студенттерді рәміздерді құрметтеуге шақырды. Акцияның мақсаты – мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу-Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/129-meni-tuym-meni-otanym-aktsiyasy-bastaldy.html#sigFreeId2548213f68