«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген нақыл сөзі қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге.
Елбасының игі бастамасымен елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлтаралық келісім – ширек ғасырға татитын тәуелсіз еліміздің жеткен басты жетістіктерінің бірі.
Рухани келісім, ұлттар арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік.
Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама деп білеміз.
"Үржар колледжі" КММ оқытушылары осы бастаманы қолдау мақсатында тәрбие сағаты мен дөңгелек үстел өткізді.
Ендеше, бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйткені бейбітшілік – біздің бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/126-altau-ala-bolsa.html#sigFreeId2fa9d9258e